+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

ССЗИ-ДЕ ЕУРАЗИЯДАҒЫ КӨПЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2026 жылғы 28 қазанда Сыртқы саяси зерттеулер институтында ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев Ресей СІМ МГИМО Халықаралық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Александр Никитинмен кездесті.
Кездесу барысында ЕАЭО, ШЫҰ, ҰҚШҰ, ЭЫДҰ және АӨСШК қоса алғанда, Қазақстанның қатысуымен халықаралық және өңірлік ұйымдардың даму перспективалары туралы пікір алмасылды. Өңірлік қауіпсіздікті, экономикалық өзара байланысты және ғылыми-технологиялық өзара іс-қимылды нығайту мәселелері қаралды.
Заманауи халықаралық процестерді зерттеудегі және көпжақты ынтымақтастықты дамытудың практикалық тәсілдерін әзірлеудегі сараптамалық диалогтың рөліне ерекше назар аударылды.
Әңгімелесушілер сондай-ақ ССЗИ мен МГИМО ХЗИ арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі жалғастыру, оның ішінде бірлескен ғылыми-сараптамалық іс-шараларды өткізу мүмкіндіктерін талқылады.