+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

"Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы" онлайн конференциясы

2021 жылғы 10 ақпанда американдық Джордж Вашингтон Университетінің Еуропалық, ресейлік және еуразиялық зерттеулер Институтының Орталық Азия бойынша бағдарламасы ұйымдастырған "Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығы" атты конференциясы онлайн режимде өтті. Іс-шараға дипломатиялық қызметтің 30-ға жуық американдық ардагерлері, сондай-ақ АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы елшілерін қоса алғанда, посткеңестік аймақ бойынша сарапшылар қатысты. Виртуалды конференцияға қатысушыларға Қазақстанның Вашингтондағы Елшісі Ержан Қазыханов құттықтау сөз сөйлеп, екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың қалыптасу және даму кезеңдерін сипаттады. Біздің республикамыздағы жұмыс тәжірибесі туралы американдық дипломаттар Дж.Хербст, Дж.Ордвэй, Э.Вебер және басқалары ҚР мен АҚШ арасындағы түрлі салалардағы кеңейтілген стратегиялық әріптестіктің әлеуетін, сондай-ақ Нұр-Сұлтанның халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға қосқан отыз жылдық үлесіне оң баға берді.

Сыртқы саяси зерттеулер институты Басқарма Төрағасының орынбасары Болат Нұрғалиев 90-шы жылдардың басынан бастап ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары және Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі лауазымдарында Қазақстан-Америка қатынастары мәселелерімен айналысқан, АҚШ-тың Қазақстанмен өзара түсіністістікті орнатуға бастапқы қызығушылығын қалыптастырудағы, екіжақты байланыстарды демократиялық әріптестік қатынастарына өзгертудегі бұрынғы КСРО-дан біздің елімізге мұра болып қалған ядролық арсеналдың рөлі туралы, сондай-ақ жемісті экономикалық ынтымақтастықты дамытуда энергетикалық фактордың әсері туралы баяндама жасады. Қазақстандық сарапшы америкалық вебинар қатысушыларының екі мемлекет арасындағы өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттары туралы бірқатар сұрақтарына жауап берді.

Өткен іс-шара Қазақстан-Америка дипломатиялық қатынастарының мерейтойына орай 2021 жылға жоспарланған оқиғалардың ішінде бірінші болды.