+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

ҚР Конрад Аденауэр қорының өкілдігінің Басшысымен кездесу

 2021 жылғы 24 ақпанда Сыртқы саяси зерттеулер институты Басқарма Төрағасының Орынбасары Болат Нұрғалиев пен Конрад Аденауэр қорының өкілдігінің Басшысы Йоханнес Д.Райдың кездесуі өтті. Қор білім беру бағдарламаларын жүзеге асырумен қатар ГФР-ның шет елдермен ынтымақтастық мәселелерін зерттеумен айналысады және Германия үкіметіне саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру жолдары туралы ұсынымдар дайындайды.

Кездесу барысында Б.Нұрғалиев сыртқы саясат саласындағы материалдармен алмасу мақсатында Конрад Аденауэр қоры іспеттес шетелдік зерттеу құрылымдарымен байланыс орнату дайындығын ескере отырып, тәжірибе алмасу және германиялық әріптесін Институт атқаратын қызметпен таныстырды.

Өз кезегінде, Й.Д.Рай жылы кездесу үшін алғысын білдіріп, Қазақстан мен Германия арасындағы түрлі жоспарлы серіктестікті нығайту мақсатында ССЗИ-мен тығыз ынтымақтастық орнатуға ниет білдірді.

Екі жақ 2021 жылы бірнеше шараны бірлесіп өткізу туралы келісімге келді.