
Директорлар кеңесіне сайланған күні: 2025 жылғы 22 желтоқсан, алғаш рет 2025 жылғы 20 тамызда сайланған.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.
Туған күні: 1975 жылғы 17 желтоқсан.
Білімі: 1998 жылы Әл-Фараби атындығы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық құқық факультетін бітірген.
Ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын 1998 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шарттық-құқықтық департаментінің Референті қызметінен бастап, кейін Атташе қызметін атқарды.
2001-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаментінің үшінші хатшысы, Екінші хатшысы, Бірінші хатшысы, Кеңесшісі.
2003-2004 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаментінің бөлім басшысы.
2004-2008 жж. – Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің (Нью-Йорк қ.) бірінші хатшысы.
2008-2009 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің басқарма басшысы.
2009-2012 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті директорының орынбасары.
2012-2018 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаментінің директоры.
2018-2022 жж. – Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілінің бірінші орынбасары (Нью-Йорк қ.).
2022-2025 жж. – Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі.
2025 жылғы шілдеден бастап – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары.
Марапаттары мен шендері: І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие.
«Құрмет» орденімен марапатталған.