2021 жылғы 6 сәуірде ҚР Сыртқы істер министрлігінде Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийартоның Қазақстанға ресми сапары шеңберінде Қазақстанның СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты мен Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер институты арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Қазақстандық Институттың атынан Меморандумға Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев қол қойды.
Аталған «сараптамалық-талдамалық орталықтары» көздейтін мақсаттар арасында: ынтымақтастықты кеңейту, өзара ақпарат алмасу, жобалар мен ғылыми-зерттеу бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу, сондай-ақ сыртқы саясат пен әлемдік экономика саласындағы сарапшылар мен зерттеушілер арасында тәжірибе алмасу.
Тараптар өзара сапарлар мен семинарларды тұрақты түрде ұйымдастыруға, тәжірибе мен пікір алмасуға, институттар арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша кең ауқымды бағыттар бойынша бастамалар әзірлеуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ ынтымақтастықтың тұрақты тетігін және тұрақты жұмыс байланыстарын құру туралы уағдаластық еске алынып отыр.