+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

«Қазақстандағы биотехнологиялар: пандемия кезіндегі әлемдік қауіп-қатерлер» атты онлайн семинары

2020 ж. 21 қазанда Сыртқы саяси зерттеулер институтының аға сарапшысыСергей Савельев Қазақстанның Пагуош комитетінің бастауымен өткен «Қазақстандағы биотехнологиялар: пандемия кезіндегі әлемдік қауіп-қатерлер»  атты он-лайн семинарының жұмысына қатысты. Аталған семинардың тақырыптарында коронавирус пандемиясының салдарынан туындаған қауіп пен қатерлер, отандық дәрі-дәрмек пен вакциналарды әзірлеу, биологиялық қауіпсіздік секілді мәселелер қамтылған еді.

С.Савельев өзінің баяндамасында Бактериологиялық (биологиялық) және уытты қаруларды әзірлеуге, өндіруге және олардың қорларын молайтуға тыйым салу және оларды жою туралы конвенцияны, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1540 қарарын (жаппай жою қаруының таралуына жол бермеу) орындау қажет екендігін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың БҰҰ 75-ші Бас Ассамблеясында Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құрутуралы бастамасы және ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың жаппай қырып-жоятын жаңа қару түрлерін жасау үшін ғылыми жаңалықтарды пайдалануға тыйым салатын халықаралық құжат әзірлеп, оны орындауды міндеттеу, сондай-ақ БҰҰ-да жаппай қырып-жоятын қару жасау және жетілдіру үшін пайдалануға болатын ғылыми жаңалықтардың Тіркеу реестрін құру (Манифест. «Әлем. ХХІ Ғасыр») жөніндегі айтқан ұсыныстарының бүгінгі күндегі аса өзектілігіне назар аударылды.