Ү.ж. 19 сәуірінде трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы Конвенция бюросында Қазақстан Республикасының төрағалық етуі жөніндегі Жұмыс тобының (ЖТ) үшінші отырысы өтті. Отырысқа 20-дан астам сарапшылар, оның ішінде ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институтының өкілі М. Жәкенов қатысты.
Кездесу ЖТ басшысы, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі С.Кожаниязовтың төрағалығымен бейнеконференция түрінде өтті. Трансшекаралық сулар жөніндегі Конвенция Бюросының отыз екінші отырысының мәселелері, сондай-ақ 2021 жылғы 1 қазанда өткізу жоспарланып отырған Конвенция Тараптары Кеңесінің тоғызыншы сессиясының бекітуіне енгізілетін суды бағалаудың 2022-2024 жылдарға арналған халықаралық орталығының жұмыс бағдарламасының жобасы талқыланды.