+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

ССЗИ «Жаңа сын-қатерлер мен қауіптердің алдын алу тұрғысындағы Азиядағы өңірлік қауіпсіздік» тақырыбында конференция ұйымдастырды

2021 жылғы 14 шілдеде Қазақстанның Азиядағы Өзара іс-қимыл және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңеске (АӨСШК) төрағалық етуі шеңберінде онлайн форматта «Жаңа сын-қатерлер мен қауіптердің алдын алу тұрғысындағы Азиядағы өңірлік қауіпсіздік» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Іс-шараны ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының қатысуымен және АӨСШК Хатшылығының жәрдемдесуімен ұйымдастырды.

ССЗИ басшылығы атынан Басқарма Төрағасының Орынбасары Манарбек Қабазиев құттықтау сөз сөйледі (сөз мәтіні қосымшада). АӨСШК Хатшылығының Атқарушы директоры Елші Қайрат Сарыбай АӨСШК үдерісінің ілгерілеуі және Қазақстанның Кеңесте төрағалық етуінің басымдықтары туралы хабарлады.

«АӨСШК кеңістігіндегі өңірлік қауіпсіздікке төнетін жаңа сын-қатерлер мен қауіптер және оларға қарсы іс-қимыл жөніндегі мүше мемлекеттердің тәжірибесі» және «АӨСШК шеңберінде өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастықты дамыту перспективалары» тақырыптарындағы екі сессия барысында пікірталасқа АӨСШК-ге мүше 17 мемлекеттің өкілдері қатысты.

Асан саяси зерттеулер институты (Корея), Шанхай халықаралық зерттеулер институты (Қытай), Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Стратегиялық зерттеулер орталығы, Ирактың Ұлттық қауіпсіздік басқармасы, Исламабад стратегиялық зерттеулер институты (Пәкістан), Йылдырым Беяазыт атындағы Анкара университетінің сарапшылары (Түркия) АӨСШК-тің дамуы туралы өз пікірлерімен бөлісіп, Сovid-19 салдарынан туындаған дағдарыстан шығу шаралары және мемлекеттердің постковидтік қалпына келуі мен дамуын қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл және тәжірибе алмасу қажеттілігі туралы келісті.

Конференцияға қатысушылар жан-жақты қамтылған қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша АӨСШК аясында елдердің ынтымақтастығын одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті және Cенім шаралары каталогының кеңеюін құптады.

Сөз мәтіні