+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

«Бейбітшілік пен келісім жолында конфессияаралық диалог» тақырыбында онлайн пікірталас «дөңгелек үстел» өтті.

2021 жылы 17 қыркүйекте ССЗИ халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер бөлімінің бастығы Мәдина Жарбосынова Қазақстанның Женевадағы Тұрақты Өкілдігі мен Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған «Бейбітшілік пен келісім жолында конфессияаралық диалог» тақырыбында онлайн пікірталас «дөңгелек үстеліне» қатысты.

Аталған іс-шараға Женевадағы Ватикан миссиясының, Дүниежүзілік лютерандық шіркеулер федерациясының, Парламентаралық одақтың, ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы, Қырғызстан мен Тәжікістандағы өкілдігінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысты. 

Өз сөзінде М.Жарбосынова елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау мен қолдау үшін конфессияаралық және этносаралық диалогтың өзара сыйластыққа, әртүрлілік пен толеранттылықты мойындауға негізделген конфессияаралық және ұлтаралық диалогтың маңыздылығын айтып өтті. Сонымен бірге, Қазақстан ішкі саясатта азаматтық келісім идеологиясын табысты ілгерілете отырып, жалпыға ортақ қауіпсіздік мүддесінде жаһандық диалог үшін тұғырнама ретінде әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының 6 съезін шақыруға бастама көтергені атап өтілді.