2021 жылы 29 қыркүйекте Сыртқы саяси зерттеулер институтының өкілдері ҚР СІМ-нің басшы қызметкерлерімен бірлесіп, Нұр-Сұлтанға Францияның Ұлттық қорғаныс жоғары зерттеулер институтының тыңдаушыларының "Қару-жарақ және қорғаныс экономикасы" 57-ші оқу сессиясы сапары шеңберінде Қазаөстанға келуіне байланысты ҚР-дағы Франция елшілігі ұйымдастырған "дөңгелек үстелге" қатысты. Институт Франция мен одақтас мемлекеттердің жоғары әскери және азаматтық қызметкерлерін және қорғаныс сектор іскерлерін арттырумен айналысатын мемлекеттік әкімшілік мекеме болып табылады.
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ерлан Әлімбаев, Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев және "ҚР сыртқы саяси бағытының елдік басымдықтары" бөлімінің аға сарапшысы Сергей Савельев бірлесіп, Француз қонақтарының Қазақстанның сыртқы саясатының басымдықтарына, Орталық Азия мен оған іргелес аймақтардағы ахуалды бағалауға, негізгі шетелдік әріптестермен өзара қарым-қатынастардың ерекшеліктеріне, сондай-ақ еліміздің Франциямен әр түрлі ынтымақтастығының келешегіне қатысты сұрақтарына жауап берді.