2021 жылғы 27 желтоқсанда Сыртқы саяси зерттеулер институты және Қазақстанның Шанхайдағы Басконсулдығы, Шанхай халықаралық зерттеулер академиясымен (ШАМИ) бірлесіп, Қытайдаға Қазақстанның Елшілігінің қолдауымен онлайн форматта "Қазақстан мен Қытай: достық, тату көршілік және ынтымақтастық жолында 30 жыл" атты тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды.
Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев, Қазақстанның ҚХР-дағы Елшісі Ғалым Қойшыбаев, ШАМИ Президенті Чэнь Дунсяо және ҚХР-дың Қазақстандағы Елшілігінің Кеңесші-Уәкілі Цзяо Хуайсинь ашу сөз сөйледі.
Конференцияда Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев баяндама жасады, I сессияны халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы Гаухар Бейсеева модерациялады. Іс-шараға Шанхайдағы Қазақстанның Бас консулдықтың дипломаттары, қазақстандық және қытайлық институттар мен талдау орталықтарыныңө кілдері қатысты.