2022 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Бас Прокурорының, ҚР Ішкі істер министрінің, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының және басқа да ресми тұлғалары Қазақстан Парламенті Мәжілісінің ағымдағы жылдың наурыздың 14-гі отырыс баяндамалары аясында 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғаларды талқылауға арналған әскери-саяси және құқықтық мәселелер бойынша қазақстандық сарапшылардың қатысуымен "дөңгелек үстел" өтті.
Сыртқы саяси зерттеулер институтының Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев мемлекеттік төңкеріс әрекетінің кешенді және тармақталған дайындық белгілерінің бар екендігін көрсететін қаңтар оқиғаларының мән-жайларына өзіндік баға берді. Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдық тарихындағы ең қауіпті дағдарыстың аса өткір кезеңінде жағдайды бақылауға алу бойынша уақытылы батыл шаралар қабылдаудағы Мемлекет Басшысының рөлі ерекше атап өтілді.