2026 жылғы 2 шілдеде «Казахстанская правда» республикалық қоғамдық-саяси газетінде ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиевтың Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызмет күніне арналған «Тану дипломатиясынан ықпал ету дипломатиясына» («От дипломатии признания – к дипломатии влияния») атты авторлық мақаласы жарияланды.
Мақалада қазақстандық дипломатияның Тәуелсіздіктің 35 жылындағы – жас мемлекетті халықаралық тану міндеттерін шешуден бастап ұлттық мүдделерді іске асыру үшін қолайлы сыртқы ортаны қалыптастыруға дейінгі эволюциясы қарастырылады. Көпвекторлы сыртқы саясаттың рөліне, экономикалық дипломатияның дамуына, Қазақстанның халықаралық беделін нығайтуға және елдің жауапты орта держава ретінде қалыптасуына ерекше назар аударылды.
Автор қазіргі жағдайда дипломатия тұрақты дамуды қамтамасыз етудің, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтудің және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ілгерілетудің маңызды құралына айналатынын атап көрсетеді.
Мақаланың толық мәтіні сілтеме арқылы қол жетімді: https://kazpravda.kz/n/ot-diplomatii-priznaniya-k-diplomatii-vliyaniya/
.png)