+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Қазақстан мен Ұлыбританияның Пагуош комитеттерінің бірлескен бейне конференциясына қатысу

2022 жылғы 30-31 наурызда Cыртқы саяси зерттеулер институтының аға сарапшысы Сергей Савельев Қазақстан мен Ұлыбританияның Пагуош комитеттерінің бірлескен бейне конференциясына қатысты.

С. Савельев өз сөзінде ядролық қарудан азат аймақтарды (ЯҚАА) құру ядролық таралудың алдын алудың, өңірлік деңгейде ядролық қауіпті төмендетудің, халықаралық қауіпсіздікті нығайтудың тиімді құралы болып табылатынына назар аударды. Қазақстандық сарапшы қазіргі ядролық қарусыз аймақтардың мақсаттары мен ерекше айырмашылықтарына талдау жасады. Ядролық державалар тарапынан ЯҚАА-ға қатысушыларға қауіпсіздіктің теріс кепілдіктерін беру, сондай-ақ ядролық қарусыз аймақтар арасындағы ынтымақтастықты жандандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шараға қатысушыларға халықаралық қауіпсіздікті және ядролық қаруды таратпау режимін нығайту жөніндегі Орталық Азиядағы Ядролық қарудан азат аймақ туралы шарт (Семей шарты) шеңберінде қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берілді.