2022 жылғы 18 сәуірде Сыртқы саяси зерттеулер институтында Ресей Ғылым академиясы Шығыстану институтының Ғылыми - талдамалық ақпарат орталығының басшысы Н.Д. Плотниковпен және осы орталықтың жетекші сарапшысы М. А. Ушановпен кездесу өтті.
ССЗИ-мен және Қазақстан - Ауған даму және серіктестік қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға Нұр - Сұлтанда орналасқан қазақстандық талдамалық құрылымдардың өкілдері қатысты.
Ресейлік сарапшылар халықаралық және аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін, атап айтқанда, Ауғанстанның айналасындағы және ішіндегі жағдайға қатысты, Оңтүстік - Батыс және Оңтүстік Азия мен Таяу Шығыстың бірқатар басқа елдеріне қатысты бағалармен бөлісті. Осындай кездесулерді тұрақты өткізуге уағдаласты.