2022 жылғы 26 сәуірде ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев американдық зерттеуші Тоғжан Қасенованың «Atomic Steppe. How Kazakhstan Gave Up the Bomb» («Ядролық дала: Қазақстан ядролық қарудан қалай бас тартты») атты кітабының Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен онлайн тұсау кесеріне қатысты.
Кітап авторы тыңдаушыларды ядролық қарусызданудың тарихы бойынша зерттеудің негізгі мазмұнымен таныстырды.
ССЗИ Басқарма Төрағасы еліміздің ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуы мәселесі бойынша негізгі серіктестермен Қазақстанның келіссөздерінің жекелеген сәттері туралы өз естеліктерінен бөлісті.
Іс-шараға ҚСЗИ жетекшілері мен сарапшылары, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасының, Еуразия ғылыми-зерттеу институтының және басқа да аналитикалық құрылымдардың ғылыми қызметкерлері қатысты.