2022 жылғы 20 мамырда ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институты Халықаралық қатынастар факультетінің докторанттары мен магистранттарына "ашық сабақ" өткізді.
Б.Нұрғалиевтің баяндамасында қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың жай-күйін талдау және болжау, Қазақстанның жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті нығайтудағы рөлінің мәселелері қозғалды.
Басқарма Төрағасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дипломатиялық қызметінің қалыптасуы туралы өз тәжірибесінен мысал ретінде айтып берді.