+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

"АMANAT" республикалық партиясының өкілдерімен кездесу

2022 жылғы 25 мамырда "АMANAT" республикалық партиясының өкілдері ССЗИ еңбек ұжымының мүшелерімен кездесті. Іс-шара алдағы ү.ж. 5 маусымда "Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының жобасы бойынша республикалық референдумға қатысты кездесу өткізілді.

"АMANAT" партиясы "Бірлік" филиалының атқарушы Хатшысы Шыңғысхан Қожахметов пен қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының Төрағасы Сапар Ахметов, өз сөздерінде Мемлекет басшысының саяси жаңғырту бағытын толық ауқымды іске асыру мақсатында конституциялық реформаның қажеттілігін атап өтті. Кездесу қатысушылары жалпыұлттық референдумға шығарылатын Конституциядағы өзгерістерді қолдауға дайын екендіктерін мәлімдеді.