2022 жылы 21 қарашада ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты АҚ Басқарма төрағасының орынбасары А. Е. Тәженов және Талдау және болжамдау тобының жетекшісі А. К. Башбаев Астанада өткен президенттік сайлауда халықаралық бақылаушы ретінде болған саяси және әскери ғылымдардың докторы, Кавказ Халықаралық университетінің (Грузия) және Варшава мемлекеттік университетінің (Польша) профессоры Вахтанг Маисаямен жұмыс кездесуін өткізді.
Сұхбаттасушылар өздерінің зерттеу мекемелері қызметінің негізгі бағыттары туралы ақпарат алмасты, сондай-ақ ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары мен нақты іс-шараларды өткізу нысандарын талқылады.