+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Қазақстандағы Өзбекстан елшілігінде «Дөңгелек үстел» жұмысына қатысу туралы

2023 жылдың 25 қаңтарда Астана қаласында Сыртқы саяси зерттеулер институтының аға сарапшысы Қайрат Нұртазин ҚР – дағы Өзбекстан Елшілігінің ғимаратында өткен «Жаңа Өзбекстан-әділ Қазақстан: екіжақты ынтымақтастықтың болашағы» атты тақырыбындағы «дөңгелек үстел» жұмысына қатысты.

Іс-шараға екі елдің сыртқы саяси ведомстволары мен талдау орталықтарының, атап айтқанда ҚСЗИ, «TALAP» қазақстандық қолданбалы зерттеулер орталығының, Өзбек Орталық Азия халықаралық институтының өкілдері қатысты. 

«Дөңгелек үстел» қатысушылары Өзбекстан мен Қазақстандағы реформалық процестердің барысына, олардың Президент Қ.Қ. Тоқаевтың (2022 жылғы 21-22 желтоқсан, Ташкент қ.) екі ел арасындағы Одақтастық қатынастар туралы мемлекеттік сапары кезінде қол қойылған шартты іске асырудағы рөліне қатысты баға алмасты.