+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Бейбітшілік пен қарусыздану үшін Бүкілқытайлық Халықтық қауымдастығының делегациясымен кездесу туралы

2023 жылғы 7 наурызда ССЗИ Басқарма төрағасы Болат Нұрғалиев қауымдастық Бас хатшысының орынбасары Чен Сяохань бастаған Бейбітшілік және қарусыздану үшін Бүкілқытайлық Халықтық қауымдастығының (CPAPD) делегациясымен кездесті.

Б. Нұрғалиев қытайлық әріптестерді Институт қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырып, халықаралық жағдайдың өзекті мәселелеріне баға берді.

Кездесуге ССЗИ Басқарма төрағасының орынбасары А.Тәженов, мамандары, сондай-ақ қазақстандық «Бейбітшілік қорының» төрағасы Қазыбек Шайх қатысты. 

Чен Сяохань ханыммен Институттың бейбітшілік пен қарусыздану қауымдастығымен өзара әрекеттесуінің нақты бағыттары талқыланды. Сондай-ақ саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы қазақстандық-қытайлық стратегиялық әріптестікті дамыту, өңірлік ынтымақтастықты нығайту және «Нұрлы жол» қазақстандық бағдарламасы мен «Бір белдеу, бір жол» Қытай бастамасын ұштастыруды қамтамасыз ету жөніндегі халықтық дипломатияның рөлі бойынша жан-жақты диалог өтті.