2023 жылғы 31 наурызда ССЗИ Басқарма төрағасы Болат Нұрғалиев Вашингтонда орналасқан Каспий саясаты орталығы (КСО) басшылығының өкілдері қауіпсіздік және саясат жөніндегі бағдарламаның төрағасы, АҚШ-тың ОА елдеріндегі, оның ішінде Қазақстандағы бұрынғы елшісі Ричард Хоугланд, Басқарма мүшесі, Джонс Хопкинс университеті еуропалық және еуразиялық зерттеулер бағдарламасының профессоры Марша Макгроу Олив және Орталықтың Басқарма мүшесі Ричард Спунермен кездесті. Кездесуге Институт сарапшысы Гүлден Қасқарбаева да қатысты.
Кездесу барысында екі зерттеу мекеменің негізгі қызмет салалары туралы айтылды. Қатысушылар халықаралық ахуалдың өзекті мәселелері, жаһандық және өңірлік қауіпсіздік саласындағы сын-қатерлер мен тәуекелдерге қатысты бағаларымен бөлісті. Сондай-ақ, ССЗИ мен КСО-ның ынтымақтастық орнатудың ықтимал бағыттары және нақты іс-шаралар өткізу нысандары талқыланды.