2023 жылғы 5 сәуірде Сыртқы саяси зерттеулер институтында «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің басшы қызметкерлерімен кездесу өтті. Орталық Азия өңірінің тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі ресми көмектің және нақты KazAID рөлі туралы мәселелер талқыланды.
KazAID Басқарма төрағасы А. Арыстанов өзі басқаратын мекеме қызметінің презентациясын өткізді, реципиент-елдердің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге жәрдемдесу кезіндегі Қазақстанның секторлық және географиялық басымдықтары туралы айтты. Сыртқы саяси зерттеулер институтының сарапшылары Қ. Нұртазин мен М. Жәкенов Орталық Азия өңіріндегі, атап айтқанда, Қырғызстан және Тәжікстан сияқты елдермен ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша ұсынымдар ұсынды.
Кездесуге ҚР СІМ Орталық Азия департаментінің директоры Е. Құбашев және Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының аға сарапшысы Б. Аукен қатысты. Қазақстандық ДРК бағдарламалары мен жобаларын ілгерілетуде консультативтік және сараптамалық көмек көрсету жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.