+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Мультилатерализм бойынша халықаралық симпозиумға қатысу

2023 жылғы 23 мамырда ССЗИ Басқарма Төрағасы Шанхай халықаралық зерттеулер академиясы мен Бейжіңнің қазіргі Қытай мен әлемді зерттеу академиясы ұйымдастырған «Мультилатерализмге қатысты консенсусты қалпына келтіру» атты халықаралық симпозиумына онлайн форматта қатысты. Симпозиумда осы ғылыми орталықтар дайындаған «Консенсусты қалпына келтіру: қауіп төнген мультилатерализм, транзиттік күйдегі халықаралық жүйе және Қытай ұсынған шешімдер» атты бірлескен баяндама талқыланды.

Б. Нұрғалиев Малайзия, Индонезия, Пәкістан, Таиланд және Қытайдан келген сарапшылармен бірге халықаралық қатынастардағы өзекті трендтер контексінде мультилатерализм құбылысына баға берді, сондай-ақ БҰҰ Жарғысының қағидаттарына әмбебап ұстанымдылықты сақтаудың баламасыздығын баса көрсете отырып, Қазақстанның БҰҰ тиімділігін арттыруға деген көзқарастарының негізгі аспектілерін еларалық өзара іс-қимылда құқықтық сенімділік пен болжамдылықты қамтамасыз етудің барлығын жаһандық құрылымы ретінде сипаттады.