+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Германия қорының басшысымен кездесу

2023 жылғы 23 маусымда Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев «Қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету: мәселелер мен оны шешу жолдары» атты форумына қатысу үшін Астанаға келген Алматыдағы Фридрих Эберт атындағы Германия қоры өкілдігінің жаңа басшысы Александр Вольтерспен кездесу өткізді. 

Б. Нұрғалиев өзі басқаратын институт жұмысының негізгі бағыттары туралы айтып, халықаралық жағдайдың күрделенуімен байланысты Қазақстанның сыртқы саясатының басымдықтары туралы пікірімен бөлісті. Өз кезегінде неміс өкілі Қордың Қазақстандағы жұмысы туралы хабарлама жасады, сондай-ақ федералдық президент Ф. - В. Штайнмайердің жақында ҚР-ға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан мен ГФР-дың өзекті халықаралық проблемалары мен екіжақты қарым-қатынастарының жай-күйін сипаттады.

Қазақстандық және германдық құрылымдардың нақты жобаларды іске асыру бойынша, атап айтқанда, «Young Leadership Program» бағдарламасы шеңберінде Астананың ядролық қарусыздану саласындағы бастамаларын жас қазақстандықтарға түсіндіру бойынша өзара іс-қимыл жасау мүмкіндіктері талқыланды.