+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Басқарма Төрағасының шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесуі

2023 жылғы 12 шілдеде ССЗИ Басқарма төрағасы Болат Нұрғалиев Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан СІМ-мен бірлесіп ұйымдастыратын «Өзгермелі әлемде Азия: болашақтың күн тәртібі» Орталық Азия форумын халықаралық ақпараттық кеңістікте насихаттау мақсатында Астанаға келген шетелдік БАҚ-тың журналистер тобымен (бельгиялық «NE Global» АА, саудиялық «Al Watan» басылымы, қытайлық «China Daily» және «Lianhe Zaobao» газеттері, өзбек «Халк Сузи» газеті, ресейлік «Аргументы и Факты», «Парламентская газета», «Комсомольская правда» газеттері, түркиялық «TURPAV» Саяси және стратегиялық зерттеулер қоры) кездесті.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Б.Нұрғалиев халықаралық ахуалдың өзекті мәселелеріне, жаһандық және өңірлік қауіпсіздік саласындағы сын-қатерлер мен тәуекелдерге, Қазақстанның халықаралық ұйымдардағы (БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК және т.б.) қызметіне, сондай-ақ Қазақстанның Қытаймен, Ресеймен, Өзбекстанмен және басқа да Орталық Азия елдерімен қарым-қатынастарының жай-күйі мен перспективаларына қатысты бағаларымен бөлісті.