+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

ССЗИ қызметкерлерінің ТМҰ елдерінің сыртқы саяси зерттеулер орталықтарының кездесуіне қатысуы

2023 жылғы 28 қыркүйекте ССЗИ қызметкерлері Алмас Абдраманов пен Гүлден Қасқарбаева Астанада өткен «Түркі мемлекеттерінің ынтымақтастығы: әлемнің турбуленттік жағдайындағы алтын көпір» тақырыбы бойынша Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ)  мүше мен байқаушы елдердің ресми сыртқы саяси зерттеулер орталықтарының кездесуіне қатысты.

Іс-шараны ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырды. Кездесудің күн тәртібінде түркі елдерінің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы өзара іс-қимылын одан әрі нығайтудың, сауда-экономикалық байланыстарды дамытуды ынталандырудың, сондай-ақ қауіпсіздік саласындағы халықаралық және өңірлік сын-қатерлерді талдаудың өзекті мәселелері қамтылды.