+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

ССЗИ Басқарма Төрағасының Махатма Гандидің туғанына 154 жыл толуына арналған іс-шараға қатысуы

2023 жылғы 1 қазанда ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Үндістанның тәуелсіздік үшін көрнекті күрескері Махатма Гандидің туғанына 154 жыл толуына, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер атап өтетін Халықаралық зорлық-зомбылықсыз іс-қимыл күніне арналған Қазақстандағы Үндістан Республикасының елшілігі ұйымдастырған іс-шараға қатысты.
    Болат Нұрғалиев Үндістанның Қазақстандағы Елшісі Нагендра Прасадпен бірлесіп Астана қаласының қалалық алаңындағы Махатма Ганди монументінің жанына гүл шоқтарын қойып, жиналған қатысушылардың алдында үнді халқының ұлы перзенті рухани мұрасының халықаралық маңызы туралы сөз сөйледі (сөз мәтіні қоса беріледі).