2023 жылғы 11 желтоқсанда Исламабадта Қазақстанның Пәкістандағы елшілігі ұйымдастырған «Әлемдік және аймақтық күн тәртібіндегі көпжақты ынтымақтастықтың азиялық бағдары: қазіргі жағдайы мен болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шарада басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиевтsң атынан «Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы» тақырыбында Институт сарапшысы Гүлден Қасқарбаева онлайн форматта баяндама жасады.
Панельдік сессияларда қатысушылар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін, Қазақстан Республикасының АӨСШК мен ШЫҰ-ға төрағалығының басымдықтарын, екі ел арасындағы экономикалық және гуманитарлық өзара іс-қимылды талқылады.
Дөңгелек үстел жұмысына ПИР парламентшілері, сыртқы саясат ведомствосының және жетекші университеттерінің өкілдері, сондай-ақ Қазақстан мен Пәкістанның талдау орталықтарының қызметкерлері мен сарапшылары қатысты.