+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиевтың Тегеранда сөз сөйлеуі

2023 жылғы 19 желтоқсанда ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Тегеранда «Иран Ислам Республикасының Азия мен көрші елдерге қатысты саясаты» Халықаралық конференциясының ашылу салтанатында сөз сөйледі.

ИИР жоғары лауазымды тұлғаларының қатысуымен конференция Тегеран университетінің негізінде Стратегиялық зерттеулер институты, Иран СІМ жанындағы Саяси және халықаралық зерттеулер институты, ИИР Ұлттық қорғаныс жоғары университеті ұйымдастырды. Қазақстандық өкілдің сөзінде еліміздің көрші мемлекеттермен, оның ішінде Иранмен, саяси, экономикалық және гуманитарлық салада әртараптандырылған ынтымақтастықты дамытуға бағытталған стратегиялық бағыты, сондай-ақ Астананың көпжақты және өңірлік ұйымдар, атап айтқанда БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК, ЭЫҰ және ИЫҰ шеңберіндегі әріптестікті тереңдетуге бағытталған бағыты атап өтілді.

Болат Нұрғалиев Қазақстанның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуінің басымдықтарына егжей-тегжейлі тоқталып, халықаралық конференцияға ирандық қатысушыларды Иранның ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі мәртебесін алуымен құттықтады, Астана мен Тегеранның түрлі салалардағы өңірлік интеграцияны нығайту желісі бойынша сындарлы өзара іс-қимылына үміт білдірді.

2022 жылғы 19 маусымда қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандумда қазақстандық Сыртқы саяси зерттеулер институты мен ИИР СІМ жанындағы Иран Саяси және халықаралық зерттеулер институтының өзара әрекеттесуі көзделген.