2024 жылғы 17 мамырда онлайн режимінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрлігі жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты мен Непалдың Халықаралық қатынастар институты арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев пен Непалдың Халықаралық қатынастар институтының Бас хатшысы Чауйен Лай Шреста қол қойды.
Тараптар Өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қоя отырып, Қазақстан Республикасы мен Непал Федеративтік Демократиялық Республикасы арасындағы қатынастарды дамытудағы талдау орталықтарының жұмысын бағыттап, екі мекеме арасындағы жан-жақты байланыстарды ілгерілету және тереңдетуді көздеп отыр.