2024 жылғы 20 мамырда Директорлар кеңесінің төрағасы Мохамад Камил Альмуайни бастаған Біріккен Араб Әмірліктерінің Халықаралық мәдени дипломатия институтының (ХМДИ) делегациясы Сыртқы саяси зерттеулер институтының Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиевпен кездесті.
Тараптар Орталық Азия өңіріндегі, Таяу Шығыстағы ахуалды, Қазақстанның ИЫҰ, ШЫҰ және БҰҰ желісі бойынша БАӘ-мен өзара іс-қимылын қоса алғанда, кең ауқымды мәселелер бойынша пікір алмасты.
Тараптар сондай-ақ ССЗИ мен ХМДИ арасында өзара түсіністік туралы Меморандумды қарастырды. ССЗИ Басқарма Төрағасы мен ХМДИ Директорлар кеңесінің Төрағасы қол қойылған құжат екі сараптамалық орталық арасында қоғамдық дипломатия саласындағы тәжірибелік өзара іс-қимылын көздейді.