2024 жылғы 26 қыркүйекте ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Амангелді Тәженов Ташкентте өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің талдау орталықтарының «Ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін Жаңа күн тәртібі» атты халықаралық конференциясына қатысты.
Конференцияны Сыртқы істер министрлігі, Сыртқы саяси зерттеулер және халықаралық бастамалар орталығы, Өзбекстан Сыртқы істер Министрлігі жанындағы Әлемдік экономика және дипломатия университеті ТМД Атқарушы комитетімен бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шараға Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан сарапшылары қатысты.
Экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын қоса алғанда, жаңа жағдайларда ТМД шеңберіндегі ынтымақтастықтың кең күн тәртібіндегі мәселелердің кең кешені талқыланды.
А.Тәженов «ТМД – жаңа жағдайдағы диалог пен ынтымақтастық кеңістігі» сессиясында баяндама жасады, сондай-ақ ССЗИ мен ССЗХБО арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қоюдың ресми рәсіміне қатысты.