2025 жылғы 18 ақпанда ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Францияның Қазақстандағы елшілігінің әскери атташесі Робер Аземанмен және Ұлттық шығыс тілдері және өркениеттер институтының (INALCO) докторанты Ромен Сидоспен француз тарапының өтініші бойынша кездесті.
Әңгімелесушілер үшін Қазақстанның сыртқы және қорғаныс саясаты, еліміздің тәуелсіздік алуымен қазақстандық дипломатия шешетін өзекті мәселелер туралы брифинг өткізілді, халықаралық және өңірлік ахуалдың жай-күйіне, ШЫҰ, ҰҚШҰ, АӨСШК және т. б. қоса алғанда, екіжақты форматта және интеграциялық бірлестіктер шеңберінде ҚР ынтымақтастығының перспективаларына баға берілді.
Сондай-ақ Б.Нұрғалиев Сыртқы саяси зерттеулер институтының шет елдермен, соның ішінде Франциямен ынтымақтастық мәселелерін зерделеу жөніндегі тәжірибелік қызметі жайлы айтып берді.