+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

«Global Times» ағылшын тіліндегі қытайлық басылымына cұхбат

2025 жылғы 12 маусымда ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев «Хуанцю шибао» (Global Times) ағылшын тіліндегі қытайлық басылымына Қазақстан мен Қытай, сондай-ақ Орталық Азия елдері арасындағы саяси және сауда-экономикалық өзара іс-қимыл мәселелері бойынша сұхбат берді. 
2025 жылғы 16-17 маусымда ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары аясында өңір мемлекеттері басшыларының қатысуымен «Орталық Азия – Қытай» екінші саммиті өтеді, Б. Нұрғалиев өз сұхбатында Қазақ-қытай жан-жақты стратегиялық әріптестігін одан әрі тереңдету, сондай-ақ Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты ілгерілету мәселелерін атап өтті. 
Қытай экономикасының серпінді және сапалы дамуына, әлемдік экономиканың өсу қарқынының баяулауын ескере отырып, оның жаһандық процестердегі рөліне жоғары баға берілді, «Бір белдеу – бір жол» Қытай стратегиялық бастамасын іске асыру процесінде Қазақстанның рөлі атап өтілді. Сондай-ақ, өңірлік қауіпсіздік пен орнықты дамуды қамтамасыз етуде Қазақстан мен Қытайдың өзара іс-қимылының жоғары сапасына назар аударылды.