+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

БҰҰ-ның Қарусыздану жөніндегі стипендиаттарының кездесуіне қатысу

2025 жылғы 19 маусымда CСЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев БҰҰ-ның Қарусыздану жөніндегі стипендиаттарының ҚР СІМ Халықаралық қауіпсіздік департаменті мен Сыртқы саяси зерттеулер институтының басшылығымен кездесуіне қатысты. БҰҰ-ның Қарусыздану жөніндегі бағдарламасында көзделген іс-шаралар шеңберінде Қазақстанға келгендерге, яғни қарусыздану проблематикасы жөніндегі болашақ мамандарға Қазақстан Республикасының аумағында ядролық қару инфрақұрылымын жою саласындағы тәжірибесі, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруының таралуын бақылаудың жаһандық саласындағы істердің жалпы жай-күйін бағалау туралы ақпарат ұсынылды.