2025 жылғы 12 қыркүйекте ССЗИ сарапшысы Алмат Тоекин Еуразиялық халықаралық зерттеулер қауымдастығы мен Қытай зерттеушілер қауымдастығы ұйымдастырған «ШЫҰ Тяньцзинь саммиті, Орталық Азия үшін сабақтар мен перспективалар» конференциясына қатысты. Конференцияға Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттары, Қытай мен Иранның ҚР-дағы елшілері, Өзбекстан мен Беларусь елшіліктерінің дипломаттары, қазақстандық академиялық және сараптамалық топтардың өкілдері, сондай-ақ қытай БАҚ журналистері қатысты.
Тяньцзиньде өткен ШЫҰ саммитінің қорытындылары, осы Ұйымның даму перспективалары, оның Орталық Азия мен оған іргелес өңірлер үшін рөлі мен маңызы талқыланды.
А.Тоекин «ШЫҰ саммитінің қорытындысы, Қытай мен Орталық Азия ынтымақтастығының экономикалық аспектілері» атты баяндама жасады.