+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

«Бір белдеу, бір жол» бастамасының бірлескен жоғары сапалы дамуы: тұжырымдамалар мен әрекеттер» атты халықаралық конференцияға қатысу

2025 жылғы 18-19 қарашада Бейжің қаласында Қытай қоғамдық ғылымдар Академиясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтының шақыруымен ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев «Бір белдеу, бір жол» бастамасының бірлескен жоғары сапалы дамуы: тұжырымдамалар мен әрекеттер» атты халықаралық конференцияға қатысты. Қатысушылар қатарында ҚХР Сыртқы істер министрлігінің, ҚХР коммерция министрлігінің, жетекші қытай және шетелдік талдау орталықтары мен университеттерінің өкілдері болды. 
Іс-шара барысында турбуленттілік пен өзгерістер кезеңінде «Белдеу және жол» бастамасы қатысушылар елдеріне жарқын болашаққа қол жеткізу үшін бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік бере отырып, дамудың жаһандық мәселелерін қытайлық шешуді ұсынатыны атап өтілді. 
М.Қабазиев «Қазақстан мен Қытай арасындағы тәжірибелік ынтымақтастықты ынталандыру үшін «Бір белдеу, бір жол» бастамасын бірлесіп іске асыру» атты баяндама жасады. 
Сонымен қатар, форум қатысушыларымен Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы мен халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу өтті. Бірқатар шетелдік талдамалық құрылымдармен ынтымақтастық орнату туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.