2025 жылғы 11 желтоқсанда ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Арменияның Тұрақтылық және мемлекеттік басқару институты (Infors Armenia) ұйымдастырған III Қазақстан – Армян сараптамалық форумының жұмысына онлайн-форматта қатысты.
Дөңгелек үстелге екі ел елшілігінің қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан мен Арменияның ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтарының өкілдері қатысты.
Іс-шара шеңберінде Қазақстан мен Армения арасындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі жан-жақты талқыланды, өзара іс-қимылдың неғұрлым перспективалы салалары айқындалды, сондай-ақ оңтүстік Кавказдағы ахуалға және Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдері арасындағы Өңірлік байланыстардың динамикасына талдау жүргізілді.
М.Қабазиев «Армян-әзербайжан бейбітшілік процесінің қазіргі жағдайы мен болашағы» атты баяндама жасады.


