2026 жылғы 19 ақпанда ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Ұлыбританияның Корольдік біріккен қызметтер институты (RUSI) делегациясын қабылдады. Делегацияны Институттың зерттеу бөлімінің басшысы Розалинда Робертс басқарды. Кездесуге Ұлыбританияның Астанадағы Елшілігінің саяси бөлімінің басшысы Сэмюэл Миллс қатысты.
Кездесу барысында тараптар екі талдамалық құрылымның негізгі қызмет бағыттарын, Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы екіжақты ынтымақтастық перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ахуалдың өзекті мәселелері мен жаһандық және өңірлік қауіпсіздік жай-күйін талқылады.
