+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Ұлы державалардың геосаяси бәсекелестігі жағдайында Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтағы қиындықтар және оларды шешу жөніндегі ұсыныстар» атты халықаралық конференцияға қатысу

2026 жылғы 12 наурызда ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Кабазиев онлайн форматта «Ұлы державалардың геосаяси бәсекелестігі жағдайында Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтағы қиындықтар және оларды шешу жөніндегі ұсыныстар» атты халықаралық конференция жұмысына қатысты. Іс-шараны Сиань шет тілдері университетінің Халықаралық қатынастар институты ұйымдастырды.
Конференцияға Қазақстан мен Қытайдың халықаралық қатынастар, өңірлік қауіпсіздік және экономикалық ынтымақтастық мәселелерімен айналысатын ғылыми-сараптамалық және талдау орталықтарының өкілдері қатысты.
М. Кабазиев «Геосаяси бәсекелестіктің күшеюі жағдайында Қытай мен Қазақстан ынтымақтастығының перспективалары» тақырыбында баяндама жасады. Өз сөзінде ол Қазақстан мен Қытай арасындағы тұрақты саяси диалогтың маңыздылығын және стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтудың қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар Еуразия өңірінде тұрақтылық пен дамуды қамтамасыз етуде инфрақұрылымдық байланыстарды дамыту, сауда-экономикалық өзара іс-қимыл және сараптамалық ынтымақтастықтың рөлін ерекше атап өтті.