2026 жылғы 10 сәуірде ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев онлайн-форматта Ганьсу провинциясының Қоғамдық ғылымдар академиясы (ҚХР) және Өңірлік интеграцияны зерттеу институты ұйымдастырған «Орта дәліз және «Белдеу және жол» бастамасы: Қытайдың Еуразияның жаңа логистикалық архитектурасын қалыптастырудағы рөлі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми семинарына қатысты.
Іс-шараға халықаралық экономика, көлік логистикасы және өңірлік интеграция мәселелеріне маманданған Қазақстан мен Қытайдың жетекші ғылыми-сараптамалық және талдау орталықтарының өкілдері қатысты.
Семинар барысында «Белдеу және жол» бастамасы аясында Еуразиялық инфрақұрылымдық байланысты дамытудың негізгі драйвері ретінде Қытайдың рөліне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, транзиттік интеграцияның стратегиялық кеңістігі ретінде Орталық Азияның өсіп келе жатқан рөлі атап өтілді.
М.Қабазиев «Орта дәліз «Белдеу және жол» бастамасы аясында: Қытайдың, Орталық Азия мен Қазақстанның Еуразиялық өзара байланысы мен серіктестігін тереңдету» атты баяндама жасады.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар сараптамалық диалогты одан әрі тереңдетудің және Қазақстан мен Қытайдың зерттеу орталықтары арасындағы ғылыми-талдамалық ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
.jpg)
.jpg)
.jpg)