2026 жылғы 18 маусымда Астанада ССЗИ сарапшысы Ержан Қалекенов Қазақстан мен Малайзияның екіжақты қатынастары мәселелеріне арналған «дөңгелек үстелге» қатысты. Іс - шараны ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) Малайзияның стратегиялық және халықаралық зерттеулер институтымен (ISIS-Institute of Strategic & International Studies) бірлесіп ұйымдастырды.
Талқылау барысында ҚСЗИ және ISIS сарапшылары екі ел ынтымақтастығының перспективалық күн тәртібін қалыптастыруға ықпал ететін мүмкіндіктерді, күтулер мен практикалық ұсынымдарды анықтауға назар аударды.

