+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

ССЗИ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ МАНАРБЕК ҚАБАЗИЕВ ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БРЮССЕЛЬГЕ САПАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫНА ҚАТЫСТЫ «ҚАЗАҚПАРАТ» ХАА-ҒА ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

2026 жылғы 23 маусымда ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Брюссельге ресми сапарының қорытындысына арналған «Қазақпарат» халықаралық ақпараттық агенттігіне сұхбат берді.
Сұхбат барысында М.Қабазиев Мемлекет басшысының сапары Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қатынастардың көліктік өзара байланысты, энергетиканы, цифрлық технологияларды, аса маңызды минералдар мен адами капиталды дамытуға бағытталған стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңіне көшуін атап өтті.
Сарапшы Транскаспий халықаралық көлік бағытын Global Gateway еуропалық бастамасымен интеграциялау Еуропа мен Азия арасындағы байланысты нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашатынын, ал Брюссельде қол жеткізілген көлік-логистикалық және инфрақұрылымдық салалардағы уағдаластықтар Қазақстан мен ЕО ынтымақтастығына қосымша серпін беретінін атап өтті.
Сұхбаттың толық мәтіні «Қазақпарат» ХАА сайтында қолжетімді. 

https://www.inform.kz/ru/kak-formiruetsya-noviy-uroven-doveriya-mezhdu-astanoy-i-bryusselem-ekspert-b7a4b290