2026 жылғы 24-25 маусымында ССЗИ сарапшысы Нұржан Өмірбек Корей қоры жанындағы «Корея – Орталық Азия» ынтымақтастық форумының хатшылығы және Тәжікстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер орталығы ұйымдастырған III «Корея – Орталық Азия» сараптамалық орталықтар форумының жұмысына қатысты. Іс-шараға өңір мемлекеттері мен Оңтүстік Кореяның сараптамалық және зерттеу орталықтарының өкілдері жиналды.
Н.Өмірбек «Корея мен Орталық Азия арасындағы болашаққа бағдарланған ынтымақтастықты кеңейту» сессиясында «Оңтүстік Корея инвестициялары мен технологиялары Орталық Азия елдерінің жасыл жаңғыру факторы ретінде» тақырыбында баяндама жасады. Ол жаһандық энергетикалық және технологиялық трансформация жағдайында Корея Республикасының аймақ елдерімен ынтымақтастығын дамуының қазіргі заманғы үрдістеріне баға берді.



