2026 жылғы 27 тамызда ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Амангелді Тәженов Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметі туралы деректі фильм дайындау аясында Қазақстан Президенті Телерадиокешенінің тілшісінің сұрақтарына жауап берді. ШЫҰ-ның қазіргі әлемдегі рөлі мен орны, Қазақстанның 2023-2024 жылдардағы осы ұйымға төрағалығының қорытындылары, қазақстандық бастамалардың маңыздылығы мен қажеттілігі, сондай-ақ а.ж. қыркүйекте Бішкекте өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кездесуіне дайындық барысы туралы толық жауаптар берілді.
