2026 жылғы 28 қазанда Сыртқы саяси зерттеулер институтының сарапшысы Алмат Тоекин онлайн режимде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған дөңгелек үстелге қатысып, «Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы: мемлекеттіліктің қалыптасуынан Қытаймен стратегиялық әріптестікке дейін» атты баяндамасымен сөз сөйледі.
Шанхай қаласындағы ҚР Бас консулдығы ұйымдастырған іс-шараға ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ өкілдері, қазақстандық дипломаттар, сондай-ақ Қытайда оқитын докторанттар мен магистранттар қатысты. Қытай тарапынан Шанхай қоғамдық ғылымдар академиясының Халықаралық зерттеулер институтының, Шанхай халықаралық зерттеулер академиясының Ресей зерттеулер орталығының, Шанхай қоғамдық ғылымдар академиясының Ресей және Орталық Азияны зерттеу орталығының, Чжэцзян Қаржы және экономика университетінің Қазақстанды зерттеу орталығының, Шығыс Қытай педагогикалық университетінің Қазақстанды зерттеу орталығының. сондай-ақ, Шанхай шет тілдері университетінің Қазақстанды зерттеу орталығының басшылығы болды.


