+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Үндістанның Қазақстандағы Елшісімен кездесу

Ү.ж. 23 тамызда Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Қазақстанға жуырда келген Үндістанның Елшісі Шубдаршини Трипатиды Институтта қабылдады.

Б.Нұрғалиев сұхбаттасын Институт қызметінің негізгі бағыттары, Орталық Азия аймағындағы және одан тыс жерлердегі ағымдағы жағдайды бағалау туралы хабардар етті. Әңгіме барысында Үндістан елшісі үнді ғылыми және талдау орталықтары ССЗИ-мен, оның ішінде пікір-таластар мен конференциялар, сондай-ақ сыртқы саяси мәселелер бойынша бірлескен зерттеулер жүргізу арқылы байланыстар орнатуға қызығушылық білдірді.