2021 жылы 27 тамызда "Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 30 жылдығына " орай ҚР Сыртқы істер министрлігі Нұр-сұлтан қаласына келген Иордания, Эфиопия, Словакия, Литва, Египет, Кувейт, Италия, Беларусь, Әзірбайжан, Украина, Канада, Бельгия, Түркия, ОАР, Сирия, Пәкістан сияқты 16 шетелдік БАҚ өкілдері үшін брифинг ұйымдастырды.
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымы Дайындық комиссиясының Атқарушы хатшысы Роберт Флойдпен бірлесіп, ССЗИ Басқарма төрағасы Болат Нұрғалиев шетелдік журналистерді ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың СЯСП жабу туралы шешімінің тарихи маңыздылығы және ядролық қаруды таратпау саласындағы халықаралық уағдаластықтардың орындалуының өзекті жай-күйі туралы хабардар етті.
Еліміздің халықаралық қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайту, соның ішінде ядролық қаруға толық тыйым салу туралы шартты әмбебаптандыру жөніндегі бастамалары жан-жақты талқыланды.