Ү.ж. 4 маусымда Басқарма төрағасы Б. Нұрғалиев Аустрия Республикасының Қазақстандағы Елшісі Вилли Кемпельмен кездесті. Әңгіме барысында Аустрия Елшісі институттың қызметі туралы хабардар етілді. Сонымен қатар, қазақстандық тарап Аустрияның сараптамалық-талдамалық орталықтарымен байланыс орнатуға, соның ішінде онлайн пікірталастар мен конференциялар өткізу, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік пен ынтымақтастық тақырыбы бойынша бірлескен зерттеулер жүргізу арқылы қызығушылық танытты. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту және Қазақстан мен Аустрия арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнату аясында бірлескен іс-шаралар өткізу мүмкіндігі талқыланды.
Елші В.Кемпель ынтымақтастыққа дайын екендігін және сыртқы саяси мәселелермен айналысатын Аустриядағы зерттеу құрылымдарымен өзара іс-қимылды дамытуға ықпал етуге ниет білдірді.